"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі N 325 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте N 1877 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2013 жылғы 23 мамырдағы N 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 23.05.2013 N 194 қаулысымен

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабына сәйкес, аудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Естайұлы Әділбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Тасмағанбетов

Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 05 қыркүйектегі
№ 325 қаулысымен
бекітілген

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті 1.Негізгі ұғымдар

      1. Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» Регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керісінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
      2) уәкілетті орган – «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      3) учаскелік комиссияатаулы әлеуметтік көмек сұраған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды даярлау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, сондай – ақ осы Регламенттің 12-қосымшаларына сәйкес тұтынушының мекенжайлары бойынша тұратын орны бойынша баламалы негізде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
      Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін селолық (ауылдық) округтің әкіміне (бұдан әрі – селолық округінің әкімі) жүгінеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:  автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 07.12.2012 N 432 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      4. Мемлекеттік қызмет – «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 4-бабы 1-тармағы және «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ozsp-gm.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органның, Орталықтың, селолық округі әкімінің стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
      9. ХҚКО-да құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы осы регламенттің 12-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      уәкілетті органда – он жұмыс күні ішінде;
      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – күнтізбелік отыз күннен аспайды;
      ХҚКО-на - он жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын қабылдау және беру (нәтижесін) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енбейді);
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімі 15 минуттан, ХҚКО-да 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда 15 минуттан аспайды, ауылдық округтің әкімі, ХҚКО-да – 30 минут.
      11. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:
      1) уәкілетті органда немесе ауылдық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;
      2) ХҚКО-да:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға бекітілген үлгідегі өтініш;
      2) бала (балалар) үшін – баланың туу туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) отбасының тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесін (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, немесе мекенжай бюросынан анықтамасын, немесе селолық округі әкімінің анықтамасы);
      5) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы жөніндегі мәліметтер;
      6) белгіленген үлгідегі отбасының мүшелерімен алынған табыс жөніндегі анықтама;
      7) асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) асырап алу немесе балаға қамқорлық (қорғаншылық) орнату туралы тиісті органның шешімінен үзіндісін.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
      Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкiлеттiк беруге құқылы.
      Уәкiлеттi органда және ауылдық округ әкiмiнде өтiнiштердiң нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      ХҚКО-да бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      13. Жәрдемақы тағайындауда уәкілетті орган бас тартылады:
      1) егер отбасында баланың жұмысқа қабілетті ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемесе, күндізгі оқыту нысаны бойынша оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркелмесе, әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балалар, сексен жастан асқан тұлғалар, үш жасқа дейінгі бала күтімімен отырған жағдайлардан басқа;
      2) отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінің мөлшерінен асатын жағдайда.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға негіз болып табылады:
      1) баланың қайтыс болуы;
      2) баланы толық мемлекет қарауына алу;
      3) өтiнiш берушiнiң жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәлiметтердi беруi;
      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгiленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан босату немесе шеттету.
      Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы көрсеткен кезде уәкiлеттi орган жоғарыда аталған себептер бойынша бас тарту себебiн жазбаша негіздейдi және құжаттар пакетiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде қайтарады және кейiннен тұтынушыға беру үшiн ХҚКО-на жiбередi.
      Құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықталған кезде, осы Регламенттің 12-тармағында көзделген құжаттар жиынтығын толық ұсынбаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда уәкілетті орган құжат жиынтығын алған соң үш жұмыс күні ішінде оларды кейін тұтынушыға беру үшін, кейін қайтару себебін жазбаша негіздеумен ХҚКО-на қайтарады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздемелер жоқ.
      14. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
      ХҚКО-ның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін алу сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      уәкілетті органда, селолық округі әкіміне:
      1) тұтынушы уәкілетті органға, селолық округі әкіміне өтініш білдіреді;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы, селолық округі әкімі осы Регламенттің 12-тармағында көзделген құжаттар және өтінішке тіркеу жүргізеді, тұтынушыға талон береді және қарастыруға басшыға жібереді;
      3) уәкілетті орган басшысы, селолық округі әкімі танысып, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жібереді;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы істі қалыптастырады және құжатты қарастыру үшін учаскелік комиссияға жібереді;
      5) учаскелік комиссия тұтынушының материалдық тұрмыс жағдайына тексеріс жүргізіп, тұрмыс жағдайының актісін жасап және уәкілеттік органына және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      6) уәкілетті орган басшысы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қоюға уәкілетті органның басшысына жолдайды;
      7) уәкілетті органның басшысы тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қояды және жауапты маманға жібереді;
      8) уәкілетті органның жауапты маманы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты кітапқа тіркейді және тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді;
      ХҚКО арқылы:
      1) тұтынушы ХҚКО өтініш білдіреді;
      2) ХҚКО инспекторы өтініш және осы Регламенттің 12-тармағында көзделген қажетті құжаттар қабылдайды, өтінішке тіркеу жүргізеді, тұтынушыға қолхат береді және құжаттарды жинақтаушы бөлімге жібереді;
      3) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинайды және уәкілетті органға жібереді;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы алған құжаттарға толықтығын тексеріп, тіркеу жүргізеді және қарастыруға басшыға жібереді;
      5) уәкілетті орган басшысы құжаттарды қарастырып, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жібереді;
      6) уәкілетті органның жауапты маманы, істі қалыптастырады және құжаттарды қарастыру үшін учаскелік комиссияға жібереді;
      7) учаскелік комиссия тұтынушының материалдық тұрмыс жағдайына тексеріс жүргізіп, тұрмыс жағдайының актісін жасап және уәкілеттік органына және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
      8) уәкілетті органның жауапты маманы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты кітапқа тіркейді және тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді;
      9) уәкілетті орган басшысы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды;
      10) уәкілетті органның жауапты маманы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты кітапқа тіркейді және ХҚКО жолдайды;
      11) ХҚКО инспекторы тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті орган басшысы;
      2) селолық округі әкімі;
      3) учаскелік комиссия;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы;
      5) ХҚКО инспекторы;
      6) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы.
      17. Осы Регламенттің 3 қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) әрбір ҚФБ-мен реттілігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестеленген сипаттамасы келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігін көрсетуші сызбалар осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті орган, ХҚКО басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалығы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік атқарады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда арыз Регламенттің 12-қосымшаларында көрсетілген заңды мекен-жайы, телефон арқылы, уәкілетті орган стендiсiнде көрсетiлген облыс әкімінің аппаратына, уәкілетті органның кабинет нөмірлері арқылы уәкілетті орган басшысының атына, ХҚКО-на жүгіне алады.
      20. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күнi және уақыты, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган

Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

150400, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы, Ленин көшесі, 2,№ 5 кабинет

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30, демалыс күндері –
сенбі және жексенбі

8 (71535) 2-13-57

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы

р/с №

Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекен-жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

1

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі

150400, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы,Ново
ишим селосы, Ленин көшесі, 7

Күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 19.00 дейін, демалыс –
жексенбі

8 (71535) 2-22-19

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
3-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы 1 кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

ХҚКО-ның инспекторы

Жинақтаушы
бөлім инспекторы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы
және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, журналда тіркеу және қолхат беру

Тізілім құрайды

Құжаттарды қабылдау, тексеру және журналда тіркеу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат,
ұйымдық-өкімші шешім)

Жинақ бөлімінің инспекторына құжаттарды жіберу

Уәкілетті органға құжаттарды жіберу

Уәкілетті органның басшысына
қарастыру
үшін
құжаттарды жіберу

Орындау мерзімдері

30 минут

Күніне екі реттен кем емес

1 күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Учаскелік комиссия

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттармен танысып, резолюция қою.

Құжаттарды жинау және тексеру

Құжаттарды қабылдау, тұтынушының (отбасының) материалдық тұру жағдайына тексеру жүргізу. Қорытынды дайындау.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жібереді

Құжаттарды учаскелік комиссияға жіберу

Уәкілетті органға қорытындыны жолдау

Орындау мерзімдері

30 минут

1 сағат

7 күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

7

8

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы шешім даярлау және хабарлама немесе негізделген бас тартуды ресімдеу

Хабарлама немесе негізделген бас тарту ресімдеуге қол қояды

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Құжаттарды басшыға қол қоюға жолдау

Хабарлама немесе негізделген бас тартуды уәкілетті органның жауапты маманына жібереді

Орындау мерзімдері

1 күн ішінде

30 минут

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

8

9

Негізгі үдерістің, іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

9

10

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

ХҚКО инспекторы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Хабарлама немесе негізделген бас тартуды журналда тіркеу

Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Тұтынушыға, ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау, хабарлама немесе негізделген бас тартуды беру туралы қолхат

Хабарлама немесе негізделген бас тартуды беру туралы қолхат

Орындау мерзімдері

1 сағат

1 күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

10


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

ХҚКО инспекторы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Учаскелік комиссия

№ 1 іс-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды уәкілетті органға жолдау

№ 2 іс-әрекет Тұтынушылардан немесе ХҚКО өтініштерін қабылдау, тіркеу талонын беру, құжаттарды уәкілетті орган басшысына жолдау

№ 3 іс-әрекет Құжаттарды қарастыру, резолюция қою, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жіберу



№ 4 іс-әрекет
Құжаттар мен қорытындыларды қабылдау, құжаттарды учаскелік комиссияға жолдау


№ 5 іс-әрекет Тұтынушының (отбасының) материалдық жағдайын тексеру жүргізу, отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасау және уәкілетті органға қорытындыны жолдау


№ 6 іс-әрекет
Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау туралы қорытындыны және хабарламаны ресімдеу

№ 7 іс-әрекет
Хабарламаға қол қою



№ 8 іс-әрекет
Хабарламаны тіркеу және хабарламаны тұтынушыға, ХҚКО жолдау



№ 9 іс-әрекет Тұтынушыға хабарлама беру




3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

ХҚКО инспекторы

ХҚКО-тың жинақтаушы бөлімі инспекторы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Учаскелік комиссия

№ 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау, журналда тіркеу, жинақтаушы бөлімге беру және қызмет алушыға қолхат беру

№ 2 іс-әрекет Құжаттарды жинайды, тізім құрайды және уәкілетті органға жолдайды

№ 3 іс-әрекет Қабылданған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және басшыға қарастыру үшін жібереді

№ 4 іс-әрекет
Құжаттарды қарастыру, резолюция қою, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жіберу




№ 5 іс-әрекет Құжаттарды жинау, тексеру және учаскелік комиссияға жіберу


№ 6 іс-әрекет Тұтынушының (отбасының) материалдық жағдайын тексеру жүргізу, отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасау және уәкілетті органға қорытындыны жолдау



№ 7 іс-әрекет Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, бас тарту туралы негізделген жауап даярлау

№ 8 іс-әрекет Бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қояды


№ 10 іс-әрекет Тұтынушыға бас тарту туралы негізделген жауап береді


№ 9 іс-әрекет Бас тарту туралы негізделген жауапты тіркейді және ХҚКО жолдайды



«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
4-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын сипаттаушы сызбалар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады