Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 05.06.2014 N 6.2.1-37/102 хаты)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТI:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі мәлімдеген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып ұсыну:
1) өтініш беру уақытында жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау - өтініш беру уақытында бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1 тармағының әрекеті ветеринария аумағының қызметін қамтамасыз ететін ветеринарлық пункттердің ветеринария мамандарына арналады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
X сессиясының төрағасы хатшысы
К. Мұқышев Б. Ысқақова
КЕЛІСІЛДІ:
«Ғабит Мүсiрепов атындағы
ауданның ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы И. Ақтаев
20 желтоқсан 2012 жыл
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы М. Баймолдина
20 желтоқсан 2012 жыл