Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 10-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда N 2097 болып тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 маусымдағы N 6.2.1-37/102 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 05.06.2014 N 6.2.1-37/102 хаты)

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТI:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі мәлімдеген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып ұсыну:
      1) өтініш беру уақытында жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау - өтініш беру уақытында бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешімнің 1 тармағының әрекеті ветеринария аумағының қызметін қамтамасыз ететін ветеринарлық пункттердің ветеринария мамандарына арналады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      X сессиясының төрағасы                     хатшысы
      К. Мұқышев                                 Б. Ысқақова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ғабит Мүсiрепов атындағы
      ауданның ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        И. Ақтаев
      20 желтоқсан 2012 жыл

      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          М. Баймолдина
      20 желтоқсан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады