Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 23.05.2013 N 202 қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 324 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 14 қыркүйекте № 1854 тіркелген, 2012 жылғы 12 қазандағы № 43 (338) «Есіл таңы», 2012 жылғы 5 қазандағы № 44 (8623) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мына мемлекеттік қызметтердің регламенттерінде:
1) «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
3) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
4) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
5) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу»:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі Е. Нұрақаев