"Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 тамыздағы N 324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы N 396 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қарашада N 1936 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 мамырдағы N 202 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 23.05.2013 N 202 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 324 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 14 қыркүйекте № 1854 тіркелген, 2012 жылғы 12 қазандағы № 43 (338) «Есіл таңы», 2012 жылғы 5 қазандағы № 44 (8623) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      мына мемлекеттік қызметтердің регламенттерінде:
      1) «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»:
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      2) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»:
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      3) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»:
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      4) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»:
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      5) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу»:
      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       Е. Нұрақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады