Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 03.04.2013 N 03-31/43 хаты)
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» № 66 Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына берілсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
кезекті IV сессиясының хатшысы
төрайымы
Г. Оспанова Б. Мұсабаев