Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 мамырдағы N 4/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымда N 13-7-176 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 03-31/43 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 03.04.2013 N 03-31/43 хаты)

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» № 66 Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                  Аудандық мәслихат
      кезекті IV сессиясының                    хатшысы
      төрайымы
      Г. Оспанова                            Б. Мұсабаев                           

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады