Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық атқару кодексінің 30-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғалар үшін қоғамдық жұмыс түрлері анықталынсын: ауданы аймағын абаттандыру және жинау.
2. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Қызылжар ауданының Қылмыстық атқару инспекциясының" келісімі бойынша тоқсан сайын қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеу үшін объектілердің тізімін сотқа тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.М. Жұмабаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Редин |