Қоғамдық жұмыстарды тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғалар үшін қоғамдық жұмыс түрлерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі N 162 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 сәуірде N 13-8-166 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 05.01.2015 N 01 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық атқару кодексінің 30-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғалар үшін қоғамдық жұмыс түрлері анықталынсын: ауданы аймағын абаттандыру және жинау.
      2. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Қызылжар ауданының Қылмыстық атқару инспекциясының" келісімі бойынша тоқсан сайын қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеу үшін объектілердің тізімін сотқа тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.М. Жұмабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Редин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады