Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 қаңтардағы N 1-9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 ақпанда N 13-9-149 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы N 22-2 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатының 30.01.2014 N 22-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншаға баруға және шаштараз қызметтері үшін 1000 теңге мөлшерінде;
      2) Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге тапсырылған есеп-фактура бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) жылына бір реттен артық емес;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдаманың нақты мөлшерінде;
      4) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториялық емдеу кезеңінде қосымша тамақтандыруға 600 теңге мөлшерінде.
      2. Белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш тапсырған айдан бастап тағайындалады және өтініш иесінің өліміне немесе оның ауданнан тыс жерге көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады, төлемдер нұсқалған оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тістерді протездеуге әлеуметтік көмек тістерді протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылады, тіс протездеуге бағасының мөлшерінде (асыл металдардан, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде тағайындалады;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер ақшалай қаражатты алушының дербес есепшотына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банкілік операцияларына сәйкес түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы ауыстырумен ағымдағы айдың 20 күніне дейін жүзеге асырылады.
      3. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған «Жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      4. Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын. .
      5. «Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 22-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 23 сәуірде № 13-9-115 тіркелген, аудандық «Вести», «Мағжан жұлдызы» газеттерінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі арнайы шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Д. Омаров                                  Т. Әбілмәжінов

      «Келісілді»

      Мағжан Жұмабаев ауданының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            Қалиев Р.Е.

Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 24 қаңтар
№ 1-9 шешіміне қосымша

Мағжан Жұмабаев ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш берушінің өтініші (бұдан әрі - өтінуші);
      өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      мүгедектік, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе оларға теңестірілгені туралы куәліктің көшірмесі;
      өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
      өтінушінің мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      белсенді туберкулезбен ауыратындарды қосымша тамақтандыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетілетін, белсенді туберкулез тобында диспансерлік есепте тұрғаны туралы аумақтық медициналық мекемеден анықтама;
      тіс протезіне және санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек көрсетілгенде, медициналық ұйымнан көрсетілген қызмет туралы есеп-фактура;
      санаторлық-курорттық емнің қажеттігі туралы санаторлық-курорттық карта;
      мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан мемлекеттік жәрдемақы алуы туралы анықтама.
      2. Тексерілгеннен соң құжаттардың түпнұсқасы өтінушіге қабылданған күні қайтарылып беріледі, көшірмелері куәландырылғаннан кейін іс құжаттарына тіркеледі.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева

Решение маслихата района имени Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 января 2012 года N 1-9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 21 февраля 2012 года N 13-9-149. Утратило силу решением маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 30 января 2014 года N 22-2

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 30.01.2014 N 22-2

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года № 2247 «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», Стандартом государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами», районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на оплату услуг бань и парикмахерских в размере 1000 тенге в месяц;
      2) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны постоянно проживающим на территории района Магжана Жумабаева, на зубопротезирование, согласно представленной счет–фактуры (кроме драгоценных металлов, протезов из металлокерамики, металлоакрилла), не более одного раза в год;
      3) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны; другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на санаторно–курортное лечение, один раз в год в размере стоимости путевки;
      4) гражданам, больным туберкулезом, на дополнительное питание в  период амбулаторного лечения в размере 600 тенге.
      2. Определить что:
      ежемесячная социальная помощь для посещения бань и парикмахерских участникам и инвалидам Великой Отечественной войны назначается с месяца подачи заявления и прекращается в связи со смертью заявителя или его выбытия за пределы района, выплата прекращается с месяца, следующего за месяцем, в котором наступили указанные события;
      социальная помощь на зубопротезировнаие осуществляется медицинской организацией, имеющей лицензию на зубопротезирование, назначается участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам приравненным к ним, в размере стоимости зубопротезирования (кроме драгоценных металлов, протезов из металлокерамики, металлоакрилла) в пределах средств, предусмотренных бюджетом района;
      социальные выплаты из местного бюджета осуществляются путем перечесления денежных средств на лицевой счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций до 20 числа текущего месяца.
      3. Финансирование расходов на оказание социальной помощи производить за счет средств местного бюджета, предусмотренных на эти цели в финансовом году по программе 451 007 000 «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов».
      4. Определить перечень необходимых документов для назначения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева согласно приложению.
      5. Признать утратившим силу решение районного маслихата от 31 марта 2010 года № 22-2 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13-9-115 от 23 апреля 2010 года, опубликовано в районных газетах: «Вести», «Мағжан Жұлдызы», спецвыпуск от 26 апреля 2010 года).
      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Секретарь маслихата
      Д. Омаров                                  Т. Абильмажинов

      «Согласовано»

      Начальник отдела
      занятости и социальных программ
      района Магжана Жумабаева                   Калиев Р.Е.

Приложение
к решению районного маслихата
от 24 января 2012 года № 1-9

Перечень необходимых документов для назначения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева

      1. Документы, необходимые для назначения социальной помощи:
      заявление лица, обратившегося за социальной помощью (далее-заявитель);
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия удостоверения инвалида, участника Великой Отечественной войны или лица, приравненного к ним;
      копия лицевого счета заявителя;
      копия документа, подтверждающего место жительства заявителя;
      справка с территориального медицинского учреждения о том, что заявитель состоит на диспансерном учете по активной группе – при оказании социальной помощи для обеспечения дополнительным питанием граждан, больных активным туберкулезом;
      при оказании социальной помощи на зубопротезирование и санаторно-курортное лечение, счет-фактура от медицинской организации о стоимости оказанных услуг;
      санаторно-курортная карта о необходимости в санаторно-курортном лечении;
      справка из Государственного центра по выплате пенсии о подтверждении статуса получателя специального государственного пособия.
      2. В день приема полного пакета документов оригиналы после сверки возвращаются заявителю, а копии документов заверяются и формируются в дело.