Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатының 30.01.2014 N 22-2 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншаға баруға және шаштараз қызметтері үшін 1000 теңге мөлшерінде;
2) Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге тапсырылған есеп-фактура бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) жылына бір реттен артық емес;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдаманың нақты мөлшерінде;
4) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториялық емдеу кезеңінде қосымша тамақтандыруға 600 теңге мөлшерінде.
2. Белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш тапсырған айдан бастап тағайындалады және өтініш иесінің өліміне немесе оның ауданнан тыс жерге көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады, төлемдер нұсқалған оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тістерді протездеуге әлеуметтік көмек тістерді протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылады, тіс протездеуге бағасының мөлшерінде (асыл металдардан, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде тағайындалады;
3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер ақшалай қаражатты алушының дербес есепшотына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банкілік операцияларына сәйкес түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы ауыстырумен ағымдағы айдың 20 күніне дейін жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған «Жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
4. Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын. .
5. «Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 22-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 23 сәуірде № 13-9-115 тіркелген, аудандық «Вести», «Мағжан жұлдызы» газеттерінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі арнайы шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Д. Омаров Т. Әбілмәжінов
«Келісілді»
Мағжан Жұмабаев ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Қалиев Р.Е.
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 24 қаңтар
№ 1-9 шешіміне қосымша
Мағжан Жұмабаев ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар:
әлеуметтік көмекке өтініш берушінің өтініші (бұдан әрі - өтінуші);
өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
мүгедектік, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе оларға теңестірілгені туралы куәліктің көшірмесі;
өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
өтінушінің мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
белсенді туберкулезбен ауыратындарды қосымша тамақтандыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетілетін, белсенді туберкулез тобында диспансерлік есепте тұрғаны туралы аумақтық медициналық мекемеден анықтама;
тіс протезіне және санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек көрсетілгенде, медициналық ұйымнан көрсетілген қызмет туралы есеп-фактура;
санаторлық-курорттық емнің қажеттігі туралы санаторлық-курорттық карта;
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан мемлекеттік жәрдемақы алуы туралы анықтама.
2. Тексерілгеннен соң құжаттардың түпнұсқасы өтінушіге қабылданған күні қайтарылып беріледі, көшірмелері куәландырылғаннан кейін іс құжаттарына тіркеледі.