Ескерту. Бірлескен актінің атауы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2014 № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 15.12.2014 № 353-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат І сессиясында ШЕШТІ:
1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2014 № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 15.12.2014 № 353-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Қаржы басқармасы және Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы осы қаулы мен шешімнің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Габдуллин |
Облыс әкімі | Б. Рысқалиев |
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов |
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысына және облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешіміне қосымша |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 08.12.2015 № 365 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 14.12.2015 № 429-V бірлескен шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 13.12.2019 № 273 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 12.12.2019 № 394-VІ бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекендер | 1 шаршы метр үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы |
1 | Атырау қаласы | 2240 |
2 | Құрманғазы ауылы | 375 |
3 | Аққыстау ауылы | 333 |
4 | Махамбет ауылы | 394 |
5 | Алмалы ауылы | 685 |
6 | Бейбарыс ауылы | 340 |
7 | Береке ауылы | 774 |
8 | Сарайшық ауылы | 357 |
9 | Индербор кенті | 507 |
10 | Мақат кенті | 408 |
11 | Доссор кенті | 511 |
12 | Құлсары қаласы | 1467 |
13 | Жаңа Қаратон кенті | 432 |
14 | Қосшағыл ауылы | 286 |
15 | Тұрғызба ауылы | 279 |
16 | Миялы ауылы | 228 |
17 | Сағыз ауылы | 232 |
18 | Қалған кенттер | Облыс орталығы ставкаларының 18 пайызы |
19 | Қалған ауылдық елді мекендер | Облыс орталығы ставкаларының 10 пайызы |