"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 394-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 273 бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 4560 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 40 қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 197-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4087 болып тіркелген) негізінде Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXХVII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2609 болып тіркелген, 2012 жылы 28 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларында:

      реттік нөмірі 2-жол осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі Н. Ногаев
      Сессия төрағасы Г. Садуахасова
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары

2

Құрманғазы ауылы

375


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады