Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 256 "Жылыой ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-2-159 болып тіркелді және 2011 жылғы 28 қазанда "Кең Жылой" газетінің № 69 санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Жылыой ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілеу туралы;
қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Жылыой ауданының меншік нысанына қарамастан барлық мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілесін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Елтезеровке жүктелсін.
3. "Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" ММ осы қаулының Жылыой ауданы әкімінің веб-сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Ізбасов |