Жылыой ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 256 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қазанда № 4-2-159 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 163 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-5, 5-6 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жылыой ауданының меншік нысанына қарамастан барлық мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілесін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2012.12.25 № 469 қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Далабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Нұғманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады