Жылыой ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 163 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып және 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 4-4-3334 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Тұрғариннің ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Ахметов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 163 қаулысына қосымша

Жылыой ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 256 "Жылыой ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-159 тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2011 жылғы 28 қазанда жарияланған);
      2. Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 687 "Жылыой ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2838 тіркелген, аудандық "Кең Жылой" газетінде 2014 жылғы 23 қаңтарда жарияланған);
      3. Жылыой ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 222 "Жылыой ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-96 тіркелген, аудандық "Кең Жылой" газетінде 2008 жылғы 26 қыркүйекте жарияланған);
      4. Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 4 "Жылыой ауданы әкімиятының 2008 жылғы 20 тамыздағы № 222 "Жылыой ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3446 тіркелген, аудандық "Кең Жылой" газетінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған);
      5. Жылыой ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 469 "Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 кыркүйектегі № 256 "Жылыой ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2664 тіркелген, аудандық "Кең Жылой" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады