Исатай селолық округіндегі "Октябрск" елді мекені аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Атырау облысы Исатай ауданы Исатай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда № 4-4-201 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Исатай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 10 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Исатай селолық округі әкімінің 2012.07.12 № 10 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа алып, Атырау облысы Исатай аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 29 наурыздағы № 58 ұсынысы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Исатай селолық округінің "Октябрск" елді мекені аумағына мүйізді ірі қара малының құтыруының эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 29 наурызынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Исатай селолық округінің әкімі Ж. Ғұбашұлы

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории населенного пункта "Октябрск" Исатайского сельского округа

Решение акима Исатайского сельского округа Исатайского района Атырауской области № 8 от 29 мая 2012 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 20 июня 2012 года № 4-4-201. Утратило силу Решением акима Исатайского сельского округа Исатайского района Атырауской области от 12 июля 2012 года № 10

      Сноска. Утратило силу Решением акима Исатайского сельского округа Исатайского района Атырауской области от 12.07.2012 № 10
      Руководствуясь пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Исатайского района Атырауской области за № 58 от 29 марта 2012 года РЕШИЛ:
      1. В связи с выявлением эпизоотического очага бешенства крупного рогатого скота на территории населенного пункта "Октябрск" Исатайского сельского округа установить ветеринарный режим карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий.
      2. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.
      3. Решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, и распространяется на отношения возникшие с 29 марта 2012 года.

      Аким Исатайского сельского округа:         Ж. Губашулы