Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа алып, Атырау облысы Исатай аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 29 наурыздағы № 58 ұсынысы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Исатай селолық округінің "Октябрск" елді мекені аумағына мүйізді ірі қара малының құтыруының эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 29 наурызынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
Исатай селолық округінің әкімі | Ж. Ғұбашұлы |