Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің "Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 188 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 02 қазанда № 2621 тіркелді. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 04 ақпандағы № 45 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013.02.04 № 45 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 54-V "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арыз берген жағдайда біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) жалғыз басты мүгедектерге;
      2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
      4) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
      5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;
      6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан астам ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;
      7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғаларға.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Барақатов

Об оказании социальной помощи

Решение ГУ "Аппарата" акима Макатского района Атырауской области от 20 сентября 2012 года № 188. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 2 октября 2012 года № 2621. Утратило силу - Постановлением ГУ "Аппарата акима Макатского района" Атырауской области от 4 февраля 2013 года № 45

      Сноска. Утратило силу - Постановлением ГУ "Аппарата акима Макатского района" Атырауской области от 04.02.2013 № 45
      Руководствуясь подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" и решением районного маслихата от 18 июля 2012 года № 54-V "Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать единовременную социальную помощь следующим категориям граждан в размере пяти месячных расчетных показателей при подачи заявления:
      1) одиноким инвалидам;
      2) детям–инвалидам до 18 лет из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума;
      3) пенсионерам, получающим минимальный размер пенсии из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума;
      4) безработным гражданам из малообеспеченных семей среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, состоящим на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Макатского района";
      5) лицам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума осуществляющие погребение безработных, состоявших на момент смерти на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Макатского района";
      6) лицам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, попавшим в экстримальные, непредвиденные ситуации (пожар, длительная болезнь более одного месяца);
      7) лицам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, направленным управлением здравоохранения Атырауской области на обследование, лечение.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Хасанова П.М.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Баракатов