Ескерту. Күші жойылды - Мақат аудандық мәслихатының 2013.02.04 № 100-V шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:
1) жалғыз басты мүгедектер;
2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
4) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғалар;
6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан астам ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;
7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғалар.
2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау, бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
V сессиясының төрағасы: Б. Ундасынов
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Жолмағамбетов
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 18 шілдедегі
№ 54 шешіміне қосымша
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі
1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3) алушының салық төлеуші куәлігі көшірмесі;
4) алушының әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі көшірмесі;
5) алушының аудандық пошта байланыс бөлімшесінен ашылған жеке есеп-шотын растайтын кітапшасының көшірмесі;
6) алушының отбасы құрамы және тұрғылықты жері туралы анықтама;
7) ауылдық, селолық әкімі жанындағы учаскелік комиссиямен ұсынылған отбасының әлеуметтік, материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
8) осы шешімнің 1-тармағында айқындалған жеке тұлғалардың санатын анықтайтын құжат.