Ескерту. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013.02.04 № 45 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 54-V "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арыз берген жағдайда біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) жалғыз басты мүгедектерге;
2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
4) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Мақат ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;
6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан астам ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;
7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғаларға.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Барақатов