"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласында барлық маршруттар үшiн жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бiрыңғай тарифi келесі көлемде белгіленсін:
1) 2012 жылғы 1 шілде - 1 қазан аралығында 45 теңге;
2) 2012 жылғы 1 қазаннан бастап 50 теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Сәметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ.Молдасеитов |
КЕЛІСІЛДІ
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы |
Н. Бекназаров |
"14" маусым 2012 жыл