Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 707 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 20 сәуiрде № 3718 болып тiркелдi. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 650 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 27.10.2020 № 650 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2016 жылдың 1 мамырынан бастап 70 теңге көлемде белгіленсін.

      2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №195 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-162 тіркелген, 2012 жылы 5 шілдеде "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жұматаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Шымкент қалалық
      мәслихат хатшысы Н. Бекназаров
      "16" наурыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады