Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бiрыңғай тарифiн белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 195 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 маусымда № 14-1-162 тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 707 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 15.04.2016 № 707 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласында барлық маршруттар үшiн жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бiрыңғай тарифi келесі көлемде белгіленсін:
      1) 2012 жылғы 1 шілде - 1 қазан аралығында 45 теңге;
      2) 2012 жылғы 1 қазаннан бастап 50 теңге.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Сәметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Қ.Молдасеитов

      КЕЛІСІЛДІ
      Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы
Н. Бекназаров

      "14" маусым 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады