Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 17.04.2017 № 13-107-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі бекітілсін.
2. "Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібін бекіту туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 44-301-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-143 нөмірімен тіркелген, "Мақтаарал" газетінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі 19 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы: | О.Шылмұрзаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | О.Нұржанов |
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V шешімімен бекітілген |
Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы мөлшер және тәртіп "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өзінің немесе отбасы атынан өтініш беретін тұлға;
4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
5) уәкiлеттi орган - "Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Мақтаарал ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 13.12.2013 № 25-131-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).3. Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) табысының 15 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес есептеледі.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтер) бар немесе тұрғын жайды жалға берушi тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
6. Бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органында тiркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
7. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын өз бетiмен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
8. Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегiнiң заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған толық емес немесе жалған мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушiге және оның отбасына тұрғын үй көмегi төлемi тоқтатылады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
9. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 13.12.2013 № 25-131-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).10. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдерінің анықтамасы;
4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 13.12.2013 № 25-131-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 24.02.2014 № 28-151-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Тұрғын үй көмегiн алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
12. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
13. Уәкiлеттi орган көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi, оларды тiркейдi және өтiнiштiң нысанасына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушiге бередi.
14. Тұрғын үй көмегiн өтiнiш берiлген айдан бастап тұрғын үй көмегiн алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
15. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау (тағайындаудан бас тарту) шешiмiн қабылдайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 26.06.2014 № 32-187-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Уәкiлеттi орган тиiстi органдардан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн ұсынылған құжаттарды қарауға қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.
17. Тұрғын үй көмегiн алушылар он бес күн мерзiмде уәкiлеттi органды тұрғын үй көмегi мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге тиiс.
Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiне немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезiнен бастап немесе келесi тоқсанда жүргiзiледi.
Артық төленген сомалар ерiктi тәртiппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылады.
18. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 13.12.2013 № 25-131-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Тұрғын үй көмегiн төлеу
19. Тұрғын үй көмегiн төлеу алушының таңдауы бойынша жергiлiктi бюджетте бөлiнген қаражат шегiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
5. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау
Ескерту. Шешім 5-тараумен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012.09.26 № 9-48-V Шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауында келесі нормалар есепке алынады:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратын әр мүшесіне 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде (тұрғын үй-жайда) тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін әлеуметтік норма 30 шаршы метрді құрайды;
2) электрқуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету, газды және жылуды тұтыну нормаларын қызмет көрсетушімен немесе тарифті белгілейтін органмен бекітіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың шығындары, коммуналдық қызметті тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес, алдынғы тоқсанға нақты шығындары бойынша есептеуге алынады;
3) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, жапсырма, есеп-фактурасы) қатты отынды пайдалану нақты шығындарына, көп қабатты пәтерлерде, жеке тұрғын үй-жайларда тұратын отбасылар үшін айына 1 тонна. Тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдары мәліметтері бойынша Мақтаарал ауданында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
4) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, анықтамалар) нақты шығындарына бір отбасыға (отбасы 4 адам және одан көп) газ баллонды пайдалану бір айға 20 килограмм, оның ішінде бір адамға баллон газын тұтыну 5 килограммнан артық емес, орталықтандырылған ыстық судың бар немесе жоқ болуына қарамастан белгіленеді.