Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012.03.30 N 3-13-V шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Х.Урманов
Аудандық мәслихат хатшысы: Ж.Әбдәзімов
Мақтаарал аудандық мәслихатының
2011 жылғы 5 сәуірдегі № 44-301-IV
шешімімен бекітілген
Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы
Осы тәртіп "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы тәртiпте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы:
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
кондоминиум объектiсiн басқару органы – кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) уәкiлеттi орган - «Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
өтiнiш берушi – тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн тұлға.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Мақтаарал ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлеттi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
3. Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасы табысының 20 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.
5. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
Ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
2. Тұрғын үй көмегiн алу құқығы
6. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы отбасы жиынтық табысының 20 пайызы үлесiнен жоғары болған жағдайда тағайындалады.
7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтер) бар немесе тұрғын жайды жалға берушi (қосымша жалға берушi), сондай-ақ жалдауға берушi тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
8. Бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органында тiркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
9. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын өз бетiмен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
10. Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегiнiң заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған толық емес немесе жалған мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушiге және оның отбасына тұрғын үй көмегi төлемi тоқтатылады.
3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi
11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.
12. Тұрғын үй көмегiн алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
13. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
14. Уәкiлеттi орган көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi, оларды тiркейдi және өтiнiштiң нысанасына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушiге бередi.
15. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшiн бюджетте бөлiнген қаражат шегiнде ақшалай төлем түрiнде берiледi.
16. Тұрғын үй көмегiн өтiнiш берiлген айдан бастап тұрғын үй көмегiн алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
17. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау (тағайындаудан бас тарту) шешiмiн қабылдайды.
Тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
18. Уәкiлеттi орган тиiстi органдардан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн ұсынылған құжаттарды қарауға қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.
19. Тұрғын үй көмегiн алушылар он бес күн мерзiмде уәкiлеттi органды тұрғын үй көмегiн мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге тиiс.
Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiне немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезiнен бастап немесе келесi тоқсанда жүргiзiледi.
Артық төленген сомалар ерiктi тәртiппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылады.
20. Тұрғын үй көмегi коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
4. Тұрғын үй көмегiн төлеу
21. Тұрғын үй көмегiн төлеу алушының таңдауы бойынша жергiлiктi бюджетте бөлiнген қаражат шегiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.