Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 13-86/V Шешімімен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 14-169/ІV «Сайрам ауданының базарларында және арнаулы салық режимінің қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын бір жолғы талон құнын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-10-112 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 наурыздағы «Мәртөбе» газетінің № 8 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында:
«Сайрам ауданының базарларында және арнаулы салық режимінің қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын бір жолғы талон құнын белгілеу туралы» деген сөздер «Сайрам ауданы бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағында:
«Сайрам ауданының базарларында біржолғы талон құны» деген сөздер «Сайрам ауданының базарлар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағында:
«Арнаулы салық режимінің қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын бір жолғы талон құны» деген сөздер «Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылсын»;
1-қосымшасында:
«Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері» деген сөздер «Сайрам ауданының базарлар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшасында:
«Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері» деген сөздер «Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К.Орашов
Аудандық мәслихаттың хатшысы К.Орашов