Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 13-86/V Шешімімен.
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.16 № 3-33/V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексі Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сайрам ауданының базарлар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.16 № 3-33/V Шешімімен.
2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.16 № 3-33/V Шешімімен.
3. "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға күніне берілетін бір жолғы талон құны туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N ХХІІ-178 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 784 тіркелген, 2003 жылғы 28 қаңтарда "Мәртөбе" газетінде жарияланған, "Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 18 желтоқсандағы "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талон құны туралы" N ХХІІ-178 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 12-154/ІІІ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1729 тіркелген, 2005 жылғы 26 ақпанда "Мәртөбе" газетінің N 4 жарияланған, "Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 18 желтоқсандағы "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талон құны туралы" N ХХІІ-178 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 27-270/ІІІ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-33 тіркелген, 2006 жылғы 8 сәуірдегі "Мәртөбе" газетінің N 14 жарияланған, "Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 18 желтоқсандағы "Сайрам ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін және арнаулы салық режимінің қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талон құны туралы" N ХХІІ-178 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38-370/ІІІ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-58 тіркелген, 2006 жылғы 21 қаңтардағы "Мәртөбе" газетінің N 3 жарияланған) шешімдерінің 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Оспанбеков
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Төлендиев
Сайрам аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
N 14-169/ІV шешіміне 1 қосымша
Сайрам ауданының базарлар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Ескерту. 1-Қосымшаға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010.05.31 N 32-294/IV; 2012.03.16 № 3-33/V Шешімдерімен.
N |
Тауар, жұмыс және қызмет түрлері |
Бір жолғы талонның құны (теңге) |
1 |
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер |
|
1) |
Ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тауарлар |
100 |
2) |
Еттер |
170 |
3) |
Сүт, айран, қымыз, қымыран, қаймақ, шұбат, құрт |
30 |
4) |
Көкөніс, жеміс-жидектер, азық-түлік тауарлары, заттар, майлар, сусындар (1 орын) |
100 |
5) |
Құрғатылған жемістер |
60 |
6) |
Қыстық, жаздық және басқадай мезгілдік сыртқы, ішкі киімдер, өндірістік трикотаж заттары, маталар, бас киімдер, кілемдер, төсеніштер, жамылғылар, бағалы металдан жасалған заттар (1 орын) |
100 |
7) |
Теле-радио, аудио-видео аппараттар, оның бөлшектері, музыкалық аспаптар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, мәдениет тауарлары |
100 |
8) |
Кеңсе тауарлары, парфюмерия, косметика тауарлары, шұлықтар, носкилер, бижутерия, гирляндалар, ойыншықтар, сағаттар, шаруашылық-тұрмыстық заттары, тауарлары, электр тауарлары |
100 |
9) |
Жеңіл көліктер, ауылшаруашылық техникалары, автобустар, арбалар |
120 |
10) |
Мото-вело тауарлары, олардың қосалқы бөлшектері, автобөлшектер, балалардың коляскалары, сырғанақтар |
100 |
11) |
Құрылыс материалдары, заттар |
150 |
12) |
Ірі қара малдар, жылқылар, түйелер |
150 |
13) |
Қой, ешкілер, есектер |
75 |
14) |
Құстар мен аңдар, иттер |
20 |
15) |
Жемдер (1 орын) |
100 |
16) |
Гүлдер |
80 |
17) |
Аяқ киім жөндеу және басқа да шұғыл жасайтын тұрмыстық қызметтер |
100 |
18) |
Ұсақ-түйек заттары, тауарлары |
50 |
Сайрам аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
N 14-169/ІV шешіміне 2 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны
Ескерту. 2-Қосымшаға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.16 № 3-33/V Шешімімен.
Рет N |
Қызмет түрлерінің тізбесі |
Бір жолғы талонның құны |
1 |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
|
1) газеттер мен журналдар |
10 |
|
2) тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
50 |
|
3) бақша дақылдары |
50 |
|
4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер |
80 |
|
5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері |
60 |
|
6) жануарлар мен құстардың жемдері |
100 |
|
7) сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі |
50 |
|
8) бал, саңырауқұлақ және балық |
170 |
|
2 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
200 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
100 |