Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.08.2013 N 212 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 05 қыркүйектегі № 206
қаулысымен бекітілді
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер (қабығы алынбаған іске жарамды және отындық) түрінде тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады;
2) орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады;
3) орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулыларына сәйкес әзірленді.
3. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 18-бабының 6) тармақшасының, 36-бабының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287, «Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1268, «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандарын, Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулыларының негізінде көрсетілетін болады.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасымалдауышта ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру немесе жазбаша нысанда оларды беруден дәлелді бас тарту болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін мекенжайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне жүгіну қажет.
8. Мемлекеттік қызметті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері күн сайын, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, сағат 12.00-ден 13.00-ге дейінгі түскі үзілісімен, мемлекеттік қызметті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсететін «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен басқалары көрсетеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты, тұтынушы мекенжайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінен, және Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан (бұдан әрі - Басқарма), телефоны 57-94-68, факсі 26-14-56, Басқарманың e-priroda.gov.kz интернет - ресурсынан ала алады.
10. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:
1) тұтынушының осы Регламенттің 15 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең көп шекті уақыты - 30 (отыз) минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп шекті уақыты - 30 (отыз) минут.
11. Осы Регламенттің 15 тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
1) құжаттарды тексеру және қабылдау, оларды тіркеу;
2) тапсырылған құжаттардың толықтығын және ресімделуінің дұрыстығын тексеру, ағаш кесу және/немесе орман билетін (телнұсқасын) жазып беру, не дәлелді бас тартуды дайындау;
3) ағаш кесу және/немесе орман билетіне, не дәлелді бас тартуға қол қою және беру.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің жұмыс кестесі негізінде жұмыс күні ішінде бір тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі
әрекеттер тәртібінің (өзара әрекеттестіктің) сипаттамасы
14. Тұтынушының құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркелген күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон болып табылады.
15. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) ағаш кесу билетін алу үшін:
еркін нысанда жазылған өтініш;
тендердің нәтижесі туралы хаттама;
ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты;
орманды пайдаланғаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар мен мерзімдерге сәйкес ақы төлегенін растайтын түбіртек;
2) орман билетін алу үшін:
еркін нысанда жазылған өтініш;
тендердің нәтижесі туралы хаттама (бір жылдан артық);
ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты;
соның ішінде:
жанама орман пайдалануды ғылыми мақсаттарға жүзеге асыру үшін (алғаш рет өтініш жасалғанда) қосымша тапсырылады:
бейімдеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан нотариалды расталған үзінді көшірмесі және ғылыми-зерттеу жұмыстардың бағдарламалары;
дәрілік шикізатты алу кезіндегі негіздеу материалдары (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға:
орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен жасалған шарттың көшірмесі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі - ҚФБ):
1) кеңсе маманы;
2) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
3) орман пайдалану жөніндегі инженер.
17. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет жасау (рәсімінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарының кестедегі мәтіндік сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшада берілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сұлба осы Регламентке 3 қосымшада берілген.
19. Оларға сәйкес мемлекеттік қызмет нәтижесі ұсынылатын ағаш кесу және орман билетінің нысандары «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандарын, Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды тұлғалардың жуапкершілігі
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздерінің қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауапты болады.
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Ұйымның атауы |
Заңды мекенжайы |
Байланыс |
«Асу-Бұлақ орман |
071601, Шығыс Қазақстан |
8-72338-7-83-52 |
«Үлкен Нарын орман |
070900, Шығыс Қазақстан |
8-72341-2-13-42 |
«Верх-Уба орман |
071802, Шығыс Қазақстан |
8-72332-6-11-65 |
«Зайсан орман |
070700, Шығыс Қазақстан |
8-72340-2-16-82 |
«Зырян орман |
070814, Шығыс Қазақстан |
8-72335-2-47-40 |
«Күршім орман |
071200, Шығыс Қазақстан |
8-72339-3-18-81 |
«Риддер орман |
071302, Шығыс Қазақстан |
8-72336-5-64-04 |
«Марқақөл орман |
071217, Шығыс Қазақстан |
8-72330-4-43-33 |
«Малая Уба орман |
070506, Шығыс Қазақстан |
8-72331-2-73-98 |
«Пихта орман |
071302, Шығыс Қазақстан |
8-72336-3-04-41 |
«Самар орман |
071010, Шығыс Қазақстан |
8-72333-2-79-44 |
«Черемшанка орман |
070522, Шығыс Қазақстан |
8-72331-3-91-37 |
«Өскемен орман |
070004, Шығыс Қазақстан |
8-72322-6-89-42 |
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша
1 кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны) |
|||
1 |
Әрекеттің № |
1 |
2 |
2 |
ҚФБ атауы |
Кеңсе маманы |
Орман шаруашылығы |
3 |
Әрекеттің атауы |
Өтінішті, қажетті |
Ұсынылған |
4 |
Аяқталу нысаны |
Тұтынушыға талон беру |
Қарар қою |
5 |
Орындалу |
30 минут |
1 күн |
кестенің жалғасы:
Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны) |
||||
1 |
Әрекеттің № |
3 |
4 |
5 |
2 |
ҚФБ атауы |
Орман пайдалану |
Орман |
Орман |
3 |
Әрекеттің |
Ұсынылған |
Ағаш кесу |
Тұтынушыға |
4 |
Аяқталу нысаны |
Жазылып |
Қол қойылған |
Тұтынушының |
5 |
Орындалу |
1 күн |
1 күн |
30 минут |
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдеріс (жұмыстың барысы, ағыны) |
||
Кеңсе маманы |
Орман шаруашылығы |
Орман пайдалану |
№ 1 әрекет. |
№ 2 әрекет. |
№ 3 әрекет. |
№ 4 әрекет. |
№ 5 әрекет. |
3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
Баламалы үдеріс (жұмыстың барысы, ағыны) |
||
Кеңсе маманы |
Орман шаруашылығы |
Орман пайдалану |
№ 1 әрекет. |
№ 2 әрекет. |
№ 3 әрекет. |
№ 4 әрекет. |
№ 5 әрекет. |
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 қосымша