"Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 05 қыркүйектегі N 206 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 қазанда N 2690 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 тамыздағы N 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.08.2013 N 212 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 05 қыркүйектегі № 206
қаулысымен бекітілді

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер (қабығы алынбаған іске жарамды және отындық) түрінде тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады;
      2) орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады;
      3) орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулыларына сәйкес әзірленді.
      3. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 18-бабының 6) тармақшасының, 36-бабының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287, «Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1268, «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандарын, Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулыларының негізінде көрсетілетін болады.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасымалдауышта ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру немесе жазбаша нысанда оларды беруден дәлелді бас тарту болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін мекенжайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне жүгіну қажет.
      8. Мемлекеттік қызметті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері күн сайын, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, сағат 12.00-ден 13.00-ге дейінгі түскі үзілісімен, мемлекеттік қызметті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсететін «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен басқалары көрсетеді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты, тұтынушы мекенжайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінен, және Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан (бұдан әрі - Басқарма), телефоны 57-94-68, факсі 26-14-56, Басқарманың e-priroda.gov.kz интернет - ресурсынан ала алады.
      10. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:
      1) тұтынушының осы Регламенттің 15 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең көп шекті уақыты - 30 (отыз) минут;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп шекті уақыты - 30 (отыз) минут.
      11. Осы Регламенттің 15 тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      1) құжаттарды тексеру және қабылдау, оларды тіркеу;
      2) тапсырылған құжаттардың толықтығын және ресімделуінің дұрыстығын тексеру, ағаш кесу және/немесе орман билетін (телнұсқасын) жазып беру, не дәлелді бас тартуды дайындау;
      3) ағаш кесу және/немесе орман билетіне, не дәлелді бас тартуға қол қою және беру.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің жұмыс кестесі негізінде жұмыс күні ішінде бір тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі
әрекеттер тәртібінің (өзара әрекеттестіктің) сипаттамасы

      14. Тұтынушының құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркелген күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон болып табылады.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) ағаш кесу билетін алу үшін:
      еркін нысанда жазылған өтініш;
      тендердің нәтижесі туралы хаттама;
      ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты;
      орманды пайдаланғаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар мен мерзімдерге сәйкес ақы төлегенін растайтын түбіртек;
      2) орман билетін алу үшін:
      еркін нысанда жазылған өтініш;
      тендердің нәтижесі туралы хаттама (бір жылдан артық);
      ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты;
      соның ішінде:
      жанама орман пайдалануды ғылыми мақсаттарға жүзеге асыру үшін (алғаш рет өтініш жасалғанда) қосымша тапсырылады:
      бейімдеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан нотариалды расталған үзінді көшірмесі және ғылыми-зерттеу жұмыстардың бағдарламалары;
      дәрілік шикізатты алу кезіндегі негіздеу материалдары (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);
      мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға:
      орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен жасалған шарттың көшірмесі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі - ҚФБ):
      1) кеңсе маманы;
      2) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
      3) орман пайдалану жөніндегі инженер.
      17. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет жасау (рәсімінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарының кестедегі мәтіндік сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшада берілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сұлба осы Регламентке 3 қосымшада берілген.
      19. Оларға сәйкес мемлекеттік қызмет нәтижесі ұсынылатын ағаш кесу және орман билетінің нысандары «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандарын, Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды тұлғалардың жуапкершілігі

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздерінің қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауапты болады.

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша

Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Ұйымның атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс
телефондары

«Асу-Бұлақ орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

071601, Шығыс Қазақстан
облысы, Ұлан ауданы,
Асу-Бұлақ ауылы,
Жаңа орман шаруашылығы

8-72338-7-83-52

«Үлкен Нарын орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

070900, Шығыс Қазақстан
облысы, Катонқарағай
ауданы, Үлкен-Нарын
ауылы, Шулятиков көшесі

8-72341-2-13-42

«Верх-Уба орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

071802, Шығыс Қазақстан
облысы, Шемонаиха
ауданы, Верх-Уба ауылы,
Киров көшесі, 42

8-72332-6-11-65

«Зайсан орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

070700, Шығыс Қазақстан
облысы, Зайсан ауданы,
Зайсан қаласы,
Құнияров көшесі, 21

8-72340-2-16-82

«Зырян орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

070814, Шығыс Қазақстан
облысы, Зырян ауданы,
Малеевск кенті,
Бұқтырма көшесі, 39

8-72335-2-47-40

«Күршім орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

071200, Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданы,
Күршім ауылы,
Тоқаев көшесі, 3

8-72339-3-18-81

«Риддер орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

071302, Шығыс Қазақстан
облысы, Риддер қаласы,
1 аудан, Орман
шаруашылығы кенті

8-72336-5-64-04

«Марқақөл орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

071217, Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданы,
Ұранхай ауылы

8-72330-4-43-33

«Малая Уба орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

070506, Шығыс Қазақстан
облысы, Глубокое ауданы,
Быструха ауылы,
Новостройка көшесі, 39

8-72331-2-73-98

«Пихта орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

071302, Шығыс Қазақстан
облысы, Риддер қаласы,
2-аудан,
Кедровская көшесі, 11

8-72336-3-04-41

«Самар орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

071010, Шығыс Қазақстан
облысы, Көкпекті ауданы,
Қайыңды ауылы

8-72333-2-79-44

«Черемшанка орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

070522, Шығыс Қазақстан
облысы, Глубокое ауданы,
Черемшанка ауылы,
Вокзальная көшесі, 13

8-72331-3-91-37

«Өскемен орман
шаруашылығы»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі

070004, Шығыс Қазақстан
облысы, Өскемен қаласы,
Тоқтаров көшесі, 40

8-72322-6-89-42

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша

1 кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің №
(жұмыстың барысы,
ағыны)

1

2

2

ҚФБ атауы

Кеңсе маманы

Орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің
басшысы

3

Әрекеттің атауы
(үдерістің,
рәсімнің,
операцияның) және
олардың
сипаттамалары

Өтінішті, қажетті
құжаттарды қабылдау,
көшірмелерді
түпнұсқаларымен
салыстыру, журналға
тіркеу

Ұсынылған
құжаттармен
танысу

4

Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдастыру-өкім
ету шешімі)

Тұтынушыға талон беру

Қарар қою

5

Орындалу
мерзімдері

30 минут

1 күн

кестенің жалғасы:


Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің №
(жұмыстың
барысы, ағыны)

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Орман пайдалану
жөніндегі
инженер

Орман
шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің
басшысы

Орман
пайдалану
жөніндегі
инженер

3

Әрекеттің
атауы
(үдерістің, рәсімнің,
операцияның)
және олардың
сипаттамалары

Ұсынылған
құжаттардың
толықтығын және
ресімделуінің
дұрыстығын
тексеру, ағаш
кесу
және/немесе
орман билетін
жазып беру, не
дәлелді бас
тартуды
дайындау

Ағаш кесу
және/немесе
орман
билетіне, не
дәлелді бас
тартуға қол
қою

Тұтынушыға
ағаш кесу
және/немесе
орман
билетін, не
дәлелді бас
тартуды беру

4

Аяқталу нысаны
(деректер,
құжат,
ұйымдастыру-
өкім ету
шешімі)

Жазылып
берілген ағаш
кесу
және/немесе
орман билеті не
дайындалған
дәлелді бас
тарту

Қол қойылған
ағаш кесу
және/немесе
орман билеті
не, дәлелді
бас тарту

Тұтынушының
ағаш кесу
және/немесе
орман
билетіне қол
қоюы

5

Орындалу
мерзімдері

1 күн

1 күн

30 минут

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс (жұмыстың барысы, ағыны)

Кеңсе маманы

Орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің басшысы

Орман пайдалану
жөніндегі инженер

№ 1 әрекет.
Өтінішті, қажетті
құжаттарды
қабылдау,
көшірмелерді
түпнұсқаларымен
салыстыру,
журналға тіркеу
(30 минут)

№ 2 әрекет.
Ұсынылған
құжаттармен танысу
(1 күн)

№ 3 әрекет.
Ұсынылған құжаттардың
толықтығын және
ресімделуінің
дұрыстығын тексеру,
ағаш кесу және/немесе
орман билетін жазып
беру (1 күн)


№ 4 әрекет.
Ағаш кесу
және/немесе орман
билетіне не,
дайындалған дәлелді
бас тартуға қол қою
(1 күн)

№ 5 әрекет.
Тұтынушыға ағаш кесу
және/немесе орман
билетін беру
(30 минут)

3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс

Баламалы үдеріс (жұмыстың барысы, ағыны)

Кеңсе маманы

Орман шаруашылығы
мемлекеттік
мекемесінің басшысы

Орман пайдалану
жөніндегі инженер

№ 1 әрекет.
Өтінішті, қажетті
құжаттарды
қабылдау,
көшірмелерді
түпнұсқаларымен
салыстыру,
журналға тіркеу
(30 минут)

№ 2 әрекет.
Ұсынылған
құжаттармен танысу
(1 күн)

№ 3 әрекет.
Ұсынылған құжаттардың
толықтығын және
ресімделуінің
дұрыстығын тексеру,
дәлелді бас тартуды
дайындау (1 күн)


№ 4 әрекет.
Дәлелді бас тартуға
қол қою
(1 күн)

№ 5 әрекет.
Тұтынушыға дәлелді бас
тартуды беру
(30 минут)

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ әкімшілік
әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты
көрсететін сұлба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады