Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 26.02.2015 № 37/200-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1626 Қаулысына және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысының 1-тармағы 11) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-ІV шешімге (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 28 мамырда № 5-2-130 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымдағы № 22 "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағидасында:
1) 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.";
2) 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне 10% белгіленеді.";
3) 5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
4) 6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұлға (бұдан әрі Өтініш беруші) өзінің немесе отбасының атынан "Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не немесе баламалы негізде Семей қаласы халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімдеріне тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданың қосымшасына сәйкес өтініш береді.";
5) 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының "Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.";
6) 19-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"19. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес белгіленеді.";
7) 20-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"20. Зейнеткерлер, мүгедектер, асыраушысынан айырылғандығы бойынша жәрдемақы алатын балалар, қорғаншылықтағы балалар кіретін отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін алу құқығын айқындаған және тұрғын үй көмегін есептеген кезде табыс сол мерзімге белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (алынып тасталады).";
8) 21, 22, 23, 24, 25 тармақтар алынып тасталсын;
9) тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағида қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат |
|
сессиясының төрағасы |
Е. Кеңесбаев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ж. Елубаев |
2012 жылғы 18 сәуірдегі |
"Семей қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
_______________________________
Азамат_________________________
Мекен-жайы ____________________
Есепшот № _____________________
Банк атауы _____________________
Телефон _______________________
ӨТІНІШ
Маған (менің отбасыма) 20__ ж. ___ тоқсанына тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
Отбасы туралы мәліметтер:
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. |
Қызмет түрі: |
Құжаттай расталған |
Өзге мәәлімделген табыстар |
|
1 |
||||
2 |
||||
3 |
||||
4 |
||||
5 |
Өтінішке төмендегі құжаттарды қоса ұсынамын:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары: |
айлар |
қызметтік жазбалар үшін |
||
1 |
2 |
3 |
||
ыстық және суық сумен қамтамасыз ету |
||||
канализация |
||||
газбен жабдықтау |
||||
электр қуатымен жабдықтау |
||||
жылумен жабдықтау |
||||
қоқыс шығару |
||||
жеделсатыға қызмет көрсету |
Тұрғын үйдің жалпы ауданы ______ бөлмелер саны ________
Қосымша мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жауапкершілік:
Отбасының құрамы және мүлкі туралы берілген мәліметтер толық және нақты екенін растаймын.
Толық және шынайы емес мәліметтерді ұсыну жоғарылатылған немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан жағдайда тұрғын үй көмегі тоқтатылады, алынған сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кері қайтаруға жатады.
Құжаттар 20____ жылғы "___" _____________ қабылданды.
Маманның тегі, аты, әкесінің аты, қолы |
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, қолы |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ж. Елубаев |