Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 27/189-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 5-2-130 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 37/200-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 26.02.2015 № 37/200-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
 
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ұсынылып отырған тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағида қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2005 жылғы 19 наурыздағы № 15-4 "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2005 жылғы 25 сәуірде № 5-2-5 тіркелген, 2005 жылғы 13 мамырдағы "Семей таңы", "Семипалатинские вести" газетінің № 19 нөмірінде жарияланған) шешімнің, 2008 жылғы 20 маусымдағы № 8/74-ІV "2005 жылғы 19 наурыздағы № 15-4 "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 28 шілдеде № 5-2-91 тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы "Семей таңы", "Семипалатинские вести" газетінің № 32 жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қалалық мәслихат


      сессиясының төрағасы

К. Нұралинов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қ. Мирашев


2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 27/189-IV шешімге
қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағида

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 3 тармағына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі мен көлемін белгілейді.
      2. Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V шешімімен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне 10% белгіленеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарының мөлшері қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
      5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 05.03.2014 N 27/141-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұлға (бұдан әрі Өтініш беруші) өзінің немесе отбасының атынан "Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не немесе баламалы негізде Семей қаласы халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімдеріне тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданың қосымшасына сәйкес өтініш береді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық (кенттік) әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының "Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 05.03.2014 № 27/141-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 7-тармақ 9 тармақшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 30.01.2013 N 13/76-V шешімімен; өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 05.03.2014 № 27/141-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      8. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініштер тоқсан бойы қабылданады.
      Коммуналдық қызметтерді тұтынудың үйге арналған ортақ есептеу құралдары бар тұтынушылары үшін есепке алынатын шығындары ұсынылатын түбіртек-шоттарға сәйкес нақты шығындар бойынша қабылданады. Тұрғын үй көмегі бір айға тағайындалады.
      Жұмыссыз мәртебесі бар азаматтарға тұрғын үй көмегі уәкілетті органда тіркелген айдан бастап тағайындалады.
      Пешпен жағылатын жеке үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін алу үшін құжаттар жылына бір рет ұсынылады.
      9. Фискалдық анықтама-есептеу, уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін ұсынудың негізі болып табылады.
      10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үйді жалға (жалдауға) беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      11. Мыналардан:
      елу жасқа толған тұлғалардан;
      1-2 топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейін мүгедек балаларды күтіп-бағатындардан (медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтамасын ұсынған жағдайда), сексен жастан жоғары жастағылардан;
      жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған тұлғалардан басқа жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

3. Тұрғын үй көмегін ұсынғандағы әлеуметтік нормалар және нормативтер

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда тұрғын үй ауданының мынадай нормалары:
      жалғыз басты азаматтар үшін – 33 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      екі адамнан тұратын отбасы үшін – 51 шаршы метр;
      үш және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін – отбасының әр мүшесіне шаққанда 18 шаршы метр ескеріледі.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда электр энергиясын тұтынудың мынадай нормативтері:
      электр плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 100 кВт;
      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 70 кВт ескеріледі.
      Үйлерде орталықтандырылған жылыту жоқ болған жағдайда жылыту және ыстық сумен қамту үшін төлем мөлшері электр энергиясы үшін есептелген сома әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеп шығарылады.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда газды пайдаланудың мынадай нормалары:
      газ плитасы бар және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда – 4.8 кг;
      ыстық сумен жабдықталмаған жағдайда – 8.2. кг ескеріледі.
      15. Тұтыну нормативтері, олардың сумен, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, канализация, лифтке қызмет көрсету тарифтері қызмет көрсетушілермен беріледі.
      16. Коммуналдық қызмет шығындарын (жылуды, суды, газды тұтынудың) есептеу құралдары болған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу есептегіш көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспайтын көлемде жүргізіледі.
      17. Жергілікті жылуы бар жеке үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үйдің бір шаршы метріне көмірдің 129.8 кг., бірақ бір үйге 5000 кг. аспайтын әлеуметтік нормасы ескеріледі.
      18. Көмірдің құнын есептеуге, тұрғын үй көмегін есептеудің алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша, қалалық статистика және ақпарат бөлімі ұсынатын қала бойынша орташа баға алынады.

4. Отбасының жиынтық табысын есептеу

      19. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      20. Зейнеткерлер, мүгедектер, асыраушысынан айырылғандығы бойынша жәрдемақы алатын балалар, қорғаншылықтағы балалар кіретін отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін алу құқығын айқындаған және тұрғын үй көмегін есептеген кезде табыс сол мерзімге белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (алынып тасталады).
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      21. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      23. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      24. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.04.18 N 4/28-V (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      26. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерінің қаржыландырылуы қала бюджетінің тиісті қаржы жылына қаралған қаражаты шегінде жүргізіледі.
      27. Күрделі жөндеу жүргізуге арналған төлемдерді қаржыландыру кондоминиумның әр объектісіне ашылған жеке жинақтау шоты бойынша жүргізіледі.
      28. Тұрғын үй көмегінің төлемдері өтініш берушінің келісімімен өтініш берушінің және (немесе) тиісті қызмет көрсетушілердің шоттарына аудару арқылы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
 
 

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қ. Мирашев


2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 27/189-IV шешіммен
бекітілген Тұрғын үй көмегін
көрсету жөніндегі
Қағидаға қосымша

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 05.03.2014 № 27/141-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады