Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 мамырдағы N 4/26-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 18 маусымда N 5-6-164 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы N 32/223-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 27.01.2015 N 32/223-V шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 19.04.2014 № 24/167-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесі", "Ережесін", "Ережеде", "Ережесіне", "Ережесінде" деген сөздер тиісінше "Қағида", "Қағидасы", "Қағидасын", "Қағидада", "Қағидасына", "Қағидасында" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 19.04.2014 № 24/167-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатыныстары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А. Ақбаев
      Мәслихат хатшысы Т. Бозтаев

  Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2012 жылғы 18 мамырдағы
№ 4/26-V шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағидасы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңдарына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      5) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      6) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонементтік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 05.04.2013 № 13/86-V шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 19.04.2014 № 24/167-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      5. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
      6. Отбасы құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтымайтын және уәкілетті органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген тұлғалар тұрғын үй көмегiне құқығы жоқ, келесi тұлғаларды ескермеген жағдайда:
      1) 50 жасқа толған тұлғалар (жынысына қарамастан);
      2) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге күтiм жасайтын тұлғалар;
      3) 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға, сексен жастан асқан тұлғаларға күтiм жасайтын тұлғалар;
      4) жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналар;
      5) мүгедектiк тобы жоқ, фтизиатрда, наркологта және онкологта диспансерлік есепте тұрған тұлғалар.
      Жедел әскери қызметтегi әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейдi. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқандар, жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      7. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 тіркелген бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын құжаттарын өткізеді, бұл орайда, отбасының (азаматтың) табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
      9. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлерді және мүгедектердің отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
      10. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасына (азаматқа) тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына жағдайлар есепке алынады:
      1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегін өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарымен іздестірілмесе тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
      3) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда.
      11. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
      12. Электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді ұстау жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есепке алынады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш пен құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.
      14. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез-келген өзгерістері туралы хабардар етеді.
      15. Тұрғын үй көмегінің негізсіз алынған соммалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат "Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының Аягөз бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар, тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысы мөлшері туралы шот;
      9) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 19.04.2014 № 24/167-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 05.04.2013 № 13/86-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 19.04.2014 № 24/167-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімдерімен.

4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      17. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар есепке алынады:
      1) ауданның нормалары:
      жалғыз басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр,
      екі адамнан тұратын отбасы үшін – 36 шаршы метр,
      үш адамнан тұратын отбасы үшін – 54 шаршы метр,
      төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін - әр адамға 18 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден аспау керек;
      2) электр қуатын тұтыну нормасы:
      1 адам тұрған жағдайда 84 кВт,
      2 адам тұрса – 125 кВт,
      3 адам тұрса 150 кВт,
      4 және одан артық адам тұрса - әрқайсысына 50 кВттан, бірақ 300 кВттан аспау керек.

5. Өздері жылытатын тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну

      18. Жеке тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иелеріне, жекешелендірілген үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда жылына бір рет беріледі.
      19. Тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 ш.м көмiрдiң шығыны – 129,8 кг, бiрақ бiр үйге 5000 кг артық емес.
      20. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      21. Өздері жылытатын тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) тұратын көмірдің орнына басқа отын түрін пайдаланатын аз қамтылған отбасына (азаматқа) тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құнына балама есептеледі.
      22. Тұрғын үй көмегін есептегенде тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) тұратын отбасының (азаматтың) табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанмен есептеледі.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мен төлемі

      23. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен беріледі және ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      24. Тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті органдар екінші деңгейдегі банкілер арқылы жеке шоттарына есептеу жолымен жүзеге асырады.

Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи

Решение Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18 мая 2012 года N 4/26-V. Зарегистрировано управлением юстиции Аягозского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 18 июня 2012 года за N 5-6-164. Утратило силу - решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 января 2015 года N 32/223-V

       Сноска. Утратило силу - решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.01.2015 N 32/223-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 " О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", подпунктом 11) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" маслихат Аягозского района РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Акбаев
      Секретарь маслихата Т. Бозтаев

  Приложение
утверждено решением сессии
Аягозского районного маслихата
№ 4/26-V от 18 мая 2012 года

Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи

1. Общие правила

      1. Настоящие Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "О жилищных отношениях" от 16 апреля 1997 года, постановлениями Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами".
      2. Основные понятия используемые в данных правилах:
      1) малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;
      2) орган управления объектом кондоминиума - физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      3) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      4) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      5) уполномоченный орган - исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), финансируемый за счет средств местного бюджета, осуществляющий назначение жилищной помощи;
      6) доля предельно допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах.
      3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде и расходов установленных местными представительными органами.
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      Сноска. Пункт 3 в редакции решения Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 05.04.2013 № 13/86-V (порядок введения в действие см. п. 2); с изменением, внесенным решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 19.04.2014 № 24/167-V (вводится в действие с 01.01.2014).
      4. Доля предельно допустимых норм для содержания жилья и оплату коммунальных услуг от общего дохода семьи 10 %.

2. Порядок предоставления жилищной помощи

      5. Не имеют право на получение жилищной помощи семьи, имеющие на праве собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем.
      6. Имеющие в составе семьи трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии, не являющиеся самостоятельно занятыми и не зарегистрированные в уполномоченном органе по вопросам занятости, не имеют права на жилищную помощь, за исключением следующих лиц:
      1) лица, достигшие 50 летнего возраста (независимо от пола);
      2) лица, осуществляющие уход за инвалидами первой и второй группы;
      3) лица, осуществляющие уход за детьми-инвалидами в возрасте до 16 лет, лицами старше восьмидесяти лет;
      4) матери, занятые воспитанием ребенка в возрасте до семи лет;
      5) лица, состоящие на диспансерном учете у фтизиатра, нарколога, онколога, не имеющие группы инвалидности;
      Лица, призванные в ряды вооруженных сил, в составе семьи не учитываются. Семьи, в которых безработные члены семьи без уважительных причин отказались от предложенной работы или трудоустройства, самовольно прекратившие участие в общественных работах, обучение или переобучение, теряют право на получение жилищной помощи до возобновления трудоустройства, обучения и переобучения.
      7. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется согласно приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471, зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 февраля 2012 года № 7412.
      8. Получатели жилищной помощи ежеквартально представляют документы, при этом семьи (граждане) прилагают справки о доходах и все квитанции об уплате коммунальных услуг за предшествующий квартал.
      9. С целью поддержки одиноко проживающих пенсионеров, инвалидов, совместно проживающих одиноких пенсионеров, совместно проживающих пенсионера и инвалида, и одиноко проживающих супружеских пар пенсионеров и семей инвалидов, а также семей, в состав которых входят круглые сироты, при определении права и расчете жилищной помощи доход корректируется (уменьшается) на два расчетных месячных показателя, установленного на соответствующий период времени законодательными актами Республики Казахстан.
      10. При назначении жилищной помощи семьям (гражданам) применяются следующие условия:
      1) заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу – учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;
      2) заявитель находится в законном браке, но место нахождения супруга не знает (не указывает), не разыскивается правоохранительными органами, то жилищная помощь не назначается;
      3) у заявителя прописан ребенок до 18 лет, родители которого не лишены родительских прав и прописаны в другом месте.
      11. Основанием для предоставления жилищной помощи является решение уполномоченного органа.
      12. Расходы по электроснабжению, вывозу мусора, водоснабжению, содержанию жилья берутся в расчет по счетам, средние за квартал предшествующий кварталу обращения. Расходы по теплоснабжению, водоснабжению, канализации, мусороудалению, услугам связи берутся по тарифам услугодателей.
      13. Жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления с документами.
      14. Получатели жилищной помощи в течение 10 рабочих дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности своего жилья, состава семьи, ее совокупного дохода и статуса.
      15. Необоснованно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа в установленном законодательством порядке.

3. Порядок назначения жилищной помощи

      16. Для назначения жилищной помощи гражданин обращается в Аягозский отдел филиала Республиканского государственного предприятия "Центр обслуживания населения" по Восточно-Казахстанской области с заявлением и представляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счета о размере ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
      9) исключен решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 19.04.2014 № 24/167-V (вводится в действие с 01.01.2014).
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными решениями Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 05.04.2013 № 13/86-V (порядок введения в действие см. п. 2); от 19.04.2014 № 24/167-V (порядок введения в действие см. п. 2).

4. Размер жилищной помощи, нормативы содержания жилища и потребления коммунальных услуг

      17. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормативы:
      1) нормы площади:
      для одиноко проживающих граждан – 30 кв. метров,
      для семьи из 2-х человек - 36 кв. метров,
      для семьи из 3-х человек - 54 кв. метра,
      для семьи из 4-х и более человек на каждого члена семьи 18 кв. метров, но не более 90 кв. метров на семью;
      2) норма потребления электроэнергии:
      для одиноко проживающих 84 кВт,
      для семьи из 2-х человек 125 кВт,
      для семьи из 3-х человек 150 кВт,
      для семьи 4-х и более человек на каждого члена семьи 50 кВт, но не более 300 кВт.

5. Порядок предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в частных домах (домостроениях) с местным отоплением

      18. Жилищная помощь предоставляется собственнику жилого дома (жилого здания), семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) в государственном жилищном фонде, при наличии договора найма один раз в год.
      19. Расход угля на 1 кв.м общей площади жилого домостроения – 129,8 кг, но не более 5000 кг на дом.
      20. Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, представляемые областным управлением статистики и информации по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи (декабрь, март, июнь, сентябрь).
      21. Малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в частных домах (домостроениях) с местным отоплениям, использующие вместо угля другие виды топлива, жилищная помощь рассчитывается эквивалентно по цене угля.
      22. При назначении жилищной помощи, проживающим в частных домах (домостроениях), доходы семьи учитываются за предшествующий квартал.

6. Финансирование и выплата жилищной помощи

      23. Жилищная помощь оказывается за счет средств районного бюджета и назначается в денежном выражении.
      24. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня, путем зачисления на лицевые счета.