Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 4/26-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуірдегі N 24/167-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда N 3326 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы N 32/223-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 27.01.2015 N 32/223-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1303 қаулысына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2012 жылғы 18 мамырдағы № 4/26-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-164 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 57 жарияланған) келесі өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы";
      шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесі", "Ережесін", "Ережеде", "Ережесіне", "Ережесінде" деген сөздер тиісінше "Қағида", "Қағидасы", "Қағидасын", "Қағидада", "Қағидасына", "Қағидасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      "Жалпы ережелер" тарауындағы 3 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" тарауындағы 16 тармақтан "уәкілетті органға немесе" деген сөздер алынып тасталсын";
      16 тармақтың 3) тармақшасы "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі" деген сөздерден кейін "не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      16 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің 1 тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші абзацтарының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетінін қоспағанда, осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Шакиров
      Мәслихат хатшысы Т. Бозтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады