Ескерту. Күші жойылды - Аягоз аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 11/71-V шешімімен (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз ауданындағы базар аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткiзу, қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан алынатын бiр жолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Аягөз ауданындағы базар аумағындағы қызметi дүркiн-дүркiн сипатта болып, базарларда тауарлар өткiзу, (дүңгіршектерде, стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтердi қоспағанда) Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандардан алынатын бiр жолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 4/25-V «Біржолғы талондардың құны туралы» шешiмiнiң күшi жойылсын.
4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы А. Шакиров
Мәслихат хатшысы Т. Бозтаев
Аягөз аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 шілдедегі
№ 5/33-V шешіміне
1 қосымша
Базарларда тауарлар өткізу, қызметтер көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан
алынатын бір жолғы талондар құны
р/с |
Базардағы қызмет түрлері |
Бір жолғы |
1 |
Азық-түлік тауарларын сату |
275 |
2 |
Өндірістік тауарларды сату |
250 |
Аягөз аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 шілдедегі
№ 5/33-V шешіміне
2 қосымша
Базарлар аумағындағы қызметi дүркiн-дүркiн сипатта болып,
базарларда тауарлар өткізу, Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандардан алынатын бiр жолғы талондардың құны
р/с |
Базардағы қызмет түрлерi |
Бір жолғы |
1 |
Газеттер мен журналдар сату |
58 |
2 |
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) сату |
113 |
3 |
Бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсiрiлген табиғи гүлдердi, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерiнiң өнiмдерiн сату |
207 |
4 |
Жануарлар мен құстардың жемдерiн сату |
126 |
5 |
Сыпыртқылар, сыпырғылар сату |
116 |
6 |
Орман жидегiн сату |
243 |
7 |
Бал сату |
230 |
8 |
Балық сату |
549 |
9 |
Жер учаскелерiн өңдеу жөнiндегi жеке трактор иелерiнiң көрсететiн қызметi |
144 |
10 |
Үй жануарларын бағу |
300 |