Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 27.02.2013 N 92 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 қарашадағы № 823 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-6-144 тіркелген, 2011 жылы 03 желтоқсандағы № 99-100 «Аягөз жаңалықтары» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Ә. Мұхтарханов