Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 қарашадағы N 823 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қарашада N 5-6-144 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 қарашадағы N 587 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012.11.07 N 587 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және жұмыс iздеуде қиындықтары бар интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшiн, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Төлегеновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Аудан әкiмi                                Ә. Мұхтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады