РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына сәйкес Көкпекті аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн:
аудан аумақтарын көрiктендiру және жинау.
2. «Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi» мемлекеттiк мекемесiмен келiсу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары К.Р. Смаиловаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi | Д. Мусин |
Келісілді: | |
«Қазақстан Республикасының | |
Iшкi iстер Министрлiгiнiң | |
Қылмыстық-атқару жүйесi | |
комитетiнiң Шығыс Қазақстан | |
облысы бойынша Қылмыстық-атқару | |
жүйесi департаментi | |
мемлекеттiк мекемесi бастығының | |
міндетін атқарушы | Н. Мухамеджанов |