Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 наурыздағы N 97 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 16 наурызда N 5-15-100 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы N 347 қаулысымен. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы N 347 қаулысымен

      Ескерту. . Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 02.12.2014 N 347 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына сәйкес Көкпекті аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн:
      аудан аумақтарын көрiктендiру және жинау.
      2. «Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi» мемлекеттiк мекемесiмен келiсу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары К.Р. Смаиловаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi Д. Мусин
      Келісілді:
      «Қазақстан Республикасының
      Iшкi iстер Министрлiгiнiң
      Қылмыстық-атқару жүйесi
      комитетiнiң Шығыс Қазақстан
      облысы бойынша Қылмыстық-атқару
      жүйесi департаментi
      мемлекеттiк мекемесi бастығының
      міндетін атқарушы Н. Мухамеджанов
      2012 жылғы 02 наурыз
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады