РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Теректі селолық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Өрнек ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Өрнек» көшесі атауы.
2. Қызылжұлдыз ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Көктал» көшесі атауы.
3. Каменка ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Тереңсай» көшесі атауы берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Б. Тоқтаеваға жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі селолық округі әкімі Г. Акшабаева