Көкпекті ауданы Теректі селолық округі аумағындағы Өрнек, Қызылжұлдыз, Каменка ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Теректі селолық округі әкімінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 05 наурызда N 5-15-96 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Теректі селолық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Өрнек ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Өрнек» көшесі атауы.
      2. Қызылжұлдыз ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Көктал» көшесі атауы.
      3. Каменка ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Тереңсай» көшесі атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Б. Тоқтаеваға жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Теректі селолық округі әкімі               Г. Акшабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады