Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2013.01.30 № 10-2 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға жетпіс есептік айлық көрсеткішке теңге сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
2. Мыналардың күші жойылсын:
1) Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" № 29-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7-6-116 тіркелген, 2011 жылғы 1 ақпанда, аудандық "Шұғыла" газетінде № 6 жарияланған) шешімі;
2) Жәнібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 тамыздағы № 34-2 "Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" № 29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7-6-129 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2011 жылғы 16 қыркүйекте № 38 жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Е. А. Утебалиев
Мәслихат хатшысы Т. З. Кадимов