Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 29-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 7-6-116 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2012.04.16 N 3-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсанындағы N 6-30/1001 хатын қарастырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданына ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде жетпіс есептік айлық көрсеткішке теңге сомада 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2011.08.25 N 34-2 Шешімімен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Жәнібек аудандық мәслихатының "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 21-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-97 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2010 жылғы 5 ақпанда N 6 жарияланған);
      2) Жәнібек аудандық мәслихаттың "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" N 21-4 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы 2010 жылғы 19 мамырдағы N 24-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-107 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2010 жылғы 18 маусымда N 24 жарияланған);
      3) Жәнібек аудандық мәслихаттың "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" N 21-4 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы 2010 жылғы 16 шілдедегі N 25-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-109 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2010 жылғы 30 шілдеде N 30 жарияланған) шешімдердің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы             Ж. Қ. Хамзина
      Мәслихат хатшысы                 Т. З. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады