Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2012.04.16 N 3-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2011 жылғы 21 шілдедегі N 4-7035 Заңды бұзуды жою туралы ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 29-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-116 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 1 ақпанда, аудандық "Шұғыла" газетінде N 6 санында жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақта:
"алты жүз отыз есептік" деген сөз "бір мың бес жүз еселік" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ғ. Қ. Лұқпанов
Аудандық мәслихат хатшысы Т. З. Қадимов