Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы мәслихатының 20.11.2013 N 19-3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Жәнібек аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек ауданында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50000 (елу мың) теңге;
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың басқа некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) - 10000 (оң мың) теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқада еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 (он мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерімен марапатталған адамдарға– 5000 (бес мың) теңге;
мемлекеттiк наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейiнгi кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет атқарған) адамдарға – 3 000 (үш мың) теңге;
2) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы – 10000 (он мың) теңге;
3) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, біржолғы – 10 000 (он мың) теңге;
4) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасыларға, біржолғы – 10000 (он мың) теңге;
5) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілер отбасыларына, біржолғы - 10 000 (он мың) теңге;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, біржолғы – 5 000 (бес мың) теңге;
7) 100 жасқа толған және одан асқан азаматтарға, біржолғы көмек – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық ауруымен, туберкулезбен ауратын азаматтарға, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) өрттен, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған азаматтарға (отбасыларға), біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бюджетпен көзделген шектерде санаторлық курорттық емделудi ұсыну;
11) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік - кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға, біржолғы - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) аз қамтылған азаматтың жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға -10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) "Капустин Яр" және Азғыр" ядролық полигондары сынақтарынан зардап шеккен халыққа:
бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан бірінші топ мүгедектеріне ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екінші топ мүгедектеріне ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
үшінші топ мүгедектеріне ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-101 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірде "Шұғыла" аудандық газетінде № 15 жарияланған);
2) Жәнібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 31-3 "Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы № 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-122 тіркелген, 2011 жылғы 1 мамырда "Шұғыла" аудандық газетінде № 20 жарияланған);
3) Жәнібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 маусымдағы № 32-2 "Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы № 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-6-125 тіркелген, 2011 жылғы 15 шілдеде "Шұғыла" аудандық газетінде № 29 жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат сессиясының
төрағасы А. Ө. Аяпов
Мәслихат хатшысы Т. З. Кадимов