Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 2 сәуірде N 7-6-101 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдедегі N 5-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2012.07.16 N 5-2 шешімімен

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Oтан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ауған соғысына қатысқандарға;
      3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың әскери қызметшілерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне;
      4) қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларынын қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызметтердің шығыстарын өтеу (есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады);
      6) концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      7) соғыс жылдарында тылда еңбек еткен азаматтарға;
      8) Чернобыль атом электростанциясы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;
      9) балаларды қорғау күніне – 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      10) аз қамтылған отбасыларын рухани қолдау мақсатында республикалық, облыстық және аудандық басылымдарға жазылу үшін;
      11) аз қамтылған азамат қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге берілетін біржолғы төлем;
      12) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауратындарға, өрттен, су тасқыны басқа да табиғи және техногенді сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) берілетін біржолғы көмек;
      13) бейбіт уақытта әскери қызметін өткізу кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      14) туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға ай сайын толыққанды азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек ай сайын 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде;
      15) 1979-1989 жылдарғы Ауған соғысына қатысқаны үшін жауынгерлік награда (орден) алған ардагерлерге, 1-2 топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгердің отбасыларына коммуналдық төлемдерден 50% көлемінде жеңілдік жасау жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтем ақы;
      16) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық полигондары сынақтарынан зардап шеккен халыққа:
      бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан бірінші топ мүгедектеріне ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      екінші топ мүгедектеріне ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      үшінші топ мүгедектеріне ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2011.04.05 N 31-3 Шешімімен.
      2. Жәнібек аудандық мәслихатының "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" 2008 жылғы 9 маусымдағы N 9-1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-67 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2008 жылғы 4 шілдеде N 30 жарияланған), аудандық мәслихаттың "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" 2008 жылғы 9 маусымдағы N 9-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы N 14-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-82 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2009 жылғы 27 наурызда N 16 жарияланған) шешімдердің күші жойылсын.
      3. Осы шешім, 2011 жылғы 1 қантардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын аталған шешімнің 1 тармағының 16) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2011.06.15 N 32-2 Шешімімен.

      Аудандық мәслихат сессиясы
      төрағасының өкілеттігін атқарушы    Т. З. Кадимов
      Мәслихат хатшысы                    Т. З. Кадимов

Жәнібек аудандық мәслихатының
2010 жылғы 23 ақпандағы
N 22-2 шешіміне қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері

      1. Ауданда тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларына (азаматтарға) төлем жылына бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.
      2. Белгілі жағдай бойынша жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларына (азаматтарға) бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.
      3. Мерекелік күндерге қарсы жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем аталған тарауда көрсетілген тұлғалардың есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей мөлшері комиссия қорытындысы бойынша аударылады:
      1) Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне, Ауған соғысына қатысқандарға;
      3) Ұлы Отан соғысына соңғы әскерге шақырылғандарға;
      4) Концлагерьдің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      5) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелдеріне;
      6) Тыл еңбеккерлеріне;
      7) Чернобыль атом электростанциясы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;
      8) Балаларды қорғау күніне орай, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.
      4. Өмірдегі қиын жағдайға ұшыраған отбасылардың (азаматтардың), бір мүшесінің қайтыс болуы, онкологиялық және туберкулез ауруларынан ұзақ емделу, операция жасау қажеттілігі, Қазақстан Республикасының аумағында ауруханаға бару үшін жолақы, өрт, денсаулық жағдайы нашарлағанда, апаттар және басқа да күтпеген жағдайларда төлеу бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.
      5. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жанұяларға әлеуметтік көмек ай сайын 1,5 (бір ай жарымдық) есептік көрсеткіш мөлшерінде отбасының әр мүшесіне тағайындалады.
      6. Аз қамтылған отбасыларын рухани қолдау мақсатында республикалық, облыстық және аудандық басылымдарға жазылу үшін.
      7. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге әлеуметтік көмек ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
      8. 1926-1927 жылдары туған Ұлы Отан соғысына әскерге шақырылған, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адамдарға әлеуметтік көмек ай сайын 7,5 (жеті жарымдық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
      9. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасыларына ай сайын 1 000 (бір мың) теңге мөлшерінде тағайындалады.
      10. Туберкулез ауруына шалдыққан әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға ай сайын толыққанды азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек ай сайын 6 000 (алты мың) теңге мөлшерінде беріледі.
      11. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлеу (есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады).
      12. 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысына қатынасқаны үшін жауынгерлік награда (орден) алған ардагерлерге, 1-2 топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгердің отбасыларына коммуналдық төлемдерден 50 % көлемінде жеңілдіқ жасау ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді.
      13. Тістерін протездеуге Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмек екі жылда бір рет беріледі.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жеткізушілермен шарт жасайды.
      Жеткізушілер ай сайын келесi айдың 10-на дейiн көрсетілген қызметтер тiзілімдері мен атқарылған жұмыс актілерін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады