Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 15 маусымдағы N 32-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 шілдеде N 7-6-125 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдеде N 5-2 шешімі.

Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2012.07.16 N 5-2 шешімі.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек қөрсету туралы" 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-6-101 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірде "Шұғыла" газетінде N 15 жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы шешім, 2011 жылғы 1 қантардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын аталған шешімнің 1 тармағының 16) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Т. З. Кадимов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Т. З. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады