Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы №37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-138 тіркелген, 2011 жылғы 6 сәуірдегі аудандық № 14 "Серпін" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ:
1) тармақшадағы:
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасіндегi апаттың сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар - 10 000 (он мың) теңге;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы У. Усмангалиев
Мәслихат хатшысы М. Малтиев