Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-138 тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі аудандық "Серпін" № 14 газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
"8) Ұлы Отан соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Айбергенов
Мәслихат хатшысы М. Малтиев