Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 5-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 тамызда № 7-13-159 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 17-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 28 наурыздағы № 37-2 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-138 тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі аудандық "Серпін" № 14 газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
      "8) Ұлы Отан соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Н. Айбергенов
      Мәслихат хатшысы                 М. Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады